Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ты кто такой? Давай, до свидания: Төреғали залдағы қарияға тағы не айтты? (видео)

Опубликовано:

Желіде Төреғалидың атышулы видеосының неден басталғаны туралы видео пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Аталған видео Instagram желісіндегі Hit.kz парақшасында жарияланды.

Видеода әнші сахнада бүлдіршін қызбен суретке түсіп тұрады. Кейіннен өзіне айқайлаған балкон жақтағы дауысқа әнші: "Тас болса лақтырып жіберетін еді. Проектордың жоғы қандай жақсы! Ренжімеңіздер ағайын!",-дейді.

Ашулы қарт болса тағы да: "Ей, Төреғали" деп бар өкпесін бүкіл залға естіртіп, айтып тастайды.

"Ей, Төреғали, мен өзім Қызылорданікімін. Сен Қызылорданы "позор" етіп жүрсің. Саған "Ұлы дала баласы" деген ат лайық па?! Даусың сенің дұрыс емес",-дейді ол.

Ал аталған сөздерді үнсіз тыңдап тұрған Төреғали: "Ты кто такой, давай до свидания! Еу, бауырым, ана кісіні өтініш шығарып жіберіңдер. Маған керек жоқ. Рақмет көке, ең бастысы денсаулығыңыз мықты болсын! Жүрген жеріңізде дос-жарандарыңыз аман болсын! Сіз мына концертті "позор-ғып" жатқан",-деді.

Даудың неден басталғанын көрген желі қолданушылары қарияның да артық ашуға бой алдырғанын айтса, енді біреулер әнші кешірімін сұрап, концертін жалғастыра беруі керек еді деп жазуда. әнші

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1709584-ty-kto-takoj-davaj-do-svidania-tregali-zaldagy-kariaga-tagy-ne-ajtty-video/

pixel