Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген әлемнің ең көрікті 100 тұлғасының қатарына кірді

Опубликовано:

Димаш Құдайберген 2017 жылғы әлемдегі ең сымбатты 100 тұлғаның қатарына кірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Аталған жаңалықпен Instagram желісіндегі парақшасында Ұлықпан Жолдасовтың жары Айған Жолдасова бөлісті.

Димаш аталған тізімде әлемге танымал тұлғаларды басып озып, 79-шы орынға жайғасқан. Олардың ішінде Райан Гослин (91 орын), Леонардо ди Каприо (87 орын), Дуэйн Джонсон (82 орын), Брэд Питт (78 орында).

Әлемге әйгілі Леонардо ди Каприо мен Брэд Питті жолда қалдырған Димаш үшін жерлестері қуанып, ақ тілектерін жазуда. Ал әншінің өзі болса Instagram парақашсында жанкүйерлеріне алғыс білдірген.

"Құрметті, менің жанкүйерлерім! Сіздердің мен ушін жасап жүрген ерен еңбектеріңізді білемін және қатты бағалаймын. Әлемнің ең көрікті 100 адамының қатарына кіруім ол сіздердің қажырлы еңбектеріңізді арқасы. Күн-түн демей әлемнің түкпір-түкпірінен дауыс беріп, мені әрдайым қолдап жүресіздер. Мен осы деңгейге сіздер жеткізіп отырсыздар. Сіздер барда мен бармын. Рақмет, жандарым сол!",- деп жазған әнші Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1710161-dimas-kdajbergen-lemni-e-krikti-100-tlgasyny-kataryna-kirdi/

pixel