Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арабша киініп, ән салған отандық әнші жұртты сүйсінтті (видео)

Опубликовано:

Араб елінің ұлттық киімін киіп, сол тілде ән салған отандық әнші Райым Уайыс желі қолданушыларын сүйсінтті.

Ермек Мұқашевпен бірге "Арман айым" атты әнді орындаған әнші араб ұлтының "дишдаша" деп аталатын етегі ұзын жейдесін киіп, студияға да арабтар тәрізді қолын кеудесіне қоя сәлем беріп кірді.

Аталған видеоны көрген желі қолданушылары әншінің әдемі әніне сүйсініп, ризашылықтарын білдіріп жатты.

"Әдемі ән", "Тамаша екен", "Өте жағымды, көңілді ән",-деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1710276-arabsa-kiinip-n-salgan-otandyk-nsi-zrtty-sjsintti-video/

pixel