Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Эфирдегі қонаққа анайы сұрақтар қойған қазақ журналисі ұятқа қалды (видео)

Опубликовано:

Танымал қазақ журналисі Аман Тасыған өзінің авторлық бағдарламасында кейіпкерге төсек қатынасы туралы сұрақ қойып, ұятқа қалды. Атышулы "Қалаулым" бағдарламасының қатысушысы Замираға арналған бағдарламаны көрермендер сөгіп тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Эфирде кейіпкерге "ұятсыз" сұрақтар қойған қазақ журналисі ұятқа қалды (видео)
Кадр YouTube желісіндегі видеодан алынды: UGC

Аман Тасығанның интернет желісіндегі "Aman Tasygan//TalkLike" бағдарламасына ол атышулы "Қалаулым" жобасының қатысушысы Замираны шақырған. Бағдарлама барысында журналист оған төсек қатынасы туралы ыңғайсыз сұрақтар қойған.

Ал Замира болса, мұндай сұрақтардың эфирде қойылатынына таңғалған.

Желі қолданушылары болса, атышулы Замираны эфирге шақырғанына ренжіп, пікірлерін білдірген.

"Мынандай адамды эфирден көрсету ағаттық Аманжан, таста құрысын", "Біздің тілшілер өте майдаланып, ұсақталып кеткен", "Байзақовадан сұқбат алсаңыз таң қалмаймын (көрмегенді көрдік-ау)", "Құдай-ау! Жұлдызбен сұхбатқа мына қыздың не қатысы бар? Еліктер жұлдызымыз осы болса, қадірі бар журналистің жобасы осындай болса, оқырманды мазалайтын сұрақтар осы тақырыпта болса, жетісіппіз!", - деп жазған желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1710560-efirdegi-konakka-anajy-sraktar-kojgan-kazak-zurnalisi-atka-kaldy-video/

pixel