Қайрат Нұртас сәбилі болған әпкесін перзентханадан шығарып алды (видео)
Опубликовано:
Қайрат Нұртас жуырда ғана сәбилі болған әпкесі, елімізге белгілі қобызшы Ақерке Тәжібаеваны перзентханадан шығарып алды. Әнші Ақеркенің қуанышты сәтіндегі видеомен Instagram парақшасында бөлісті.

"Бұл дүниеде Алланың үлкен сыйы - ол отбасың,балаларың! Бала кезден қатар өскен туған бөлем, әпкем, белгілі қобызшы Ақерке мен Есенжолды нәрестелі болуымен шын жүректен құттықтаймын! Бауы берік, дені сау болсын! Халықтың қызы болсын!", -деп жазды әнші әпкесіне деген ақ тілегін.

Қобызшының өзі болса қыздарының есімін - Айкөркем деп қойғандарын мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1711654-kajrat-nrtas-sbili-bolgan-pkesin-perzenthanadan-sygaryp-aldy-video/