Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Торғайлық ақынның "Қалаулымға" арнаған өлеңі елді тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Танымал торғайлық ақын Саят Әбенов атышулы "Қалаулым" бағдарламасына өлең арнап, көпшіліктің көкейінде жүрген мәселені сырлы сөзбен жеткізді. Ақынның арнауын тыңдаған желідегілер өлең сөздеріне тәнті болып, "Қалаулымның" жабылуын қолдайтындарын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Саят Әбенов. Фото: Интернет желісінен
Саят Әбенов. Фото: Интернет желісінен: UGC

Желі қолданушылары өлеңдегі әрбір сөздің дұрыс айтылғанын жазып, бағдарлама қатысушыларын қатаң сынға алды.

"Мына өлеңді естіп отырып өне-бойым сыздап кетті. Айтылған нәрсені бәрі ақиқат", "Осы өлеңді қанша күттім десеңізші. Жарайсың, Саят ақын!", "Қазағымның жастарының ар-намысын аяққа таптайтын шоу бұл, жабу керек мұны", "Түсінген жанға аз айтылмапты. Мүмкін осы өлеңді естіген соң, есі барлары "Қалаулымнан кетіп қалар", "Жарайсыз, Саят аға! Біз сөзбен жеткізе алмағанды, сіз өлеңмен жеткізіпсіз. Ризамын!",- деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1713149-torgajlyk-akynny-kalaulymga-arnagan-lei-eldi-tnti-etti-video/

pixel