Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Алла Пугачева арықтау үшін асқазанының жартысын алдырып тастаған

Опубликовано:

Мамандардың пікірінше 68 жастағы Алла Пугачева асқазанының жартысын алдырып тастаған деп хабарлайды women.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алла Пугачева. Фото: Интернет
Алла Пугачева. Фото: Интернет: UGC
«НТВ» арнасының «Ты не поверишь» бағдарламасында білікті маман «Расымен де, Алла Пугачева асқазанға ота жасатқан. Сол себепті де жылдам салмақ тастай бастаған. Бірақ, ота жасату үшін өте абай болу керек! Өйткені бұл денсаулыққа қауіпті»,-дейді.

Сондай-ақ диетолог өз сөзінде жақында әншіні көргенің, оның өте көп салмақ тастағанын да айта кетті. Отадан соң күтім жақсы болса, адам қайта толмайды екен.

Ал әншінің өзі, балалары Гарри мен Лиза үшін өз қалпын сақтағысы келетінін айтқан. «Мен балаларымның жанында әжесі емес, анасы секілді жүргім келеді»,- деген әнші өз сөзінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1714468-bak-alla-pugaceva-aryktau-sin-askazanyny-zartysyn-aldyryp-tastagan/

pixel