Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дұшпанды дос көрдім": Көп қателескенін айтқан Қайрат Нұртас сырын ақтарды

Опубликовано:

Қазақстандық "хитмен" Қайрат Нұртас Instagram парақшасында оқырмандарымен жиі байланыс орнатып отырады. Әсіресе ол соңғы уақыттарда өмірі мен армандары жайында жан сырын жиі бөлісетін болған.

Қайрат Нұртас. Фото: Instagram
Қайрат Нұртас. Фото: Instagram: UGC
«Адам жас кезінде көп нәрсенің құндылығын түсінбейді екен. Қазір де қартайып қалған ештеңем жоқ. Бірақ кемшіліксіз адам болмайтынын бәріміз білеміз. Мен де көп қателестім, қателіктерімнен сабақ алдым. Дұшпанымды дос көрдім, досымды жау көрдім. Күмісті алтын санадым, алтынды темірге теңедім. Негізі, табиғатымда өте сенгішпін. Оған еш өкпелемеймін, керісінше қуанамын», - деді әнші.

Сондай-ақ, ол адамдардың тек жақсы жақтарын көру арқылы жүректердің тыныштық табатынын айтты.

Қайрат Нұртас. Фото: Instagram
Қайрат Нұртас. Фото: Instagram: UGC
«Өйткені өмірдің өзі сенімнен тұрады. Аллаға деген сенім, болашаққа, жақсылыққа, отбасыңа деген сенім. Біз негізі біреуді сынауға келген де алдымызға жан салмайтынымыз рас. Бұл өмірдің өзі сынақ. Әркім өзі үшін өзі жауап береді. Бір - бірімізге тек жақсылық тілеп, жан-жағымыздың тек жақсы қырларын көретін болсақ, жүрегіміз де тыныш, өміріміз де тыныш болмақ! Сынақтан сүрінсеңіз де, құламауды Алла нәсіп етсін! Мен Сіздерді жақсы көремін», - деп жазды Қайрат Нұртас.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1714654-dspandy-dos-krdim-kp-kateleskenin-ajtkan-kajrat-nrtas-syryn-aktardy/

pixel