Елімізге белгілі әнші жантүршігерлік жол апатынан аман қалғанын айтты
Жарияланған күні:
Зарина Омарованың өмірдегі және өнердегі жолы "апатқа дейін және апаттан кейін" жеп екіге бөлінеді. Алғашқыда атағы аспандап тұрған әншінің жол-көлік оқиғасынан кейін танымалдығы да бәсеңсіп қалған деп хабарлайды НТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Бір өлім аузынан қалған Заринаның жасы ол кезде небәрі 17-де болыпты. Жұлдызы жарқырап тұрған әнші, Шымкентке барған гастрольдік сапарда жол апатына ұшырайды. Денсаулығына қауіп төнген Омарова алты ай Испания еліне барып емделеді.
«Өте қайғылы апат болды. Өйткені екі адам қаза болды, мен ғана тек тірі қалдым. Өмірге екінші рет келдім сол кезде. Барлық жерлерім сынып, зақымданды. Алты ай төсек тартып жатсаң, сен кішкентай қыз болсаң да, есейіп кетеді екенсің. Өмірге басқаша қарайсың. Аэропортта ұшып бара жатқан кезімде таяқпен кеткенмін, жырты жылдан кейін таяқсыз келдім»,- дейді ол.
Ол шақтарда Омарова жеке ән кешін өткізіп, зәулім сарайды тыңдарманға лық толтырған. Әншінің әкесі бүгінде атағы аспандап тұрған Дильназ Ахмадиева, Мәдина Сәдуақасова сынды шоу-бизнес жұлдыздары кезінде Заринаның талантына бас ұрғанын айтады.
«Сол жеке концертін өткізгенде Дильназ Ахмадиева, Мәдина Сәдуақасова бәрі жолдас еді. «Шыны керек олар: «Ойбай, Зарина сен сахнада өлең айтатын болсаң, біз жақындай алмаймыз ғой» деп айтып жүретін»,-дейді Заринаның әкесі Марат Омаров.
Ауыр апаттан аман қалған Заринаның бүгінде екі перзенті бар. Он жылға жуық сахнадан алыстап кеткен әнші өткен жылы өнерге қайта оралды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1714825-elimizge-belgili-nsi-zantrsigerlik-zol-apatynan-aman-kalganyn-ajtty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.