RU

Еліміздегі сымбатты актердің бірі күрделі ота жасатқанын айтты

Қазақстанға ғана емес шетелге де танымал актер Санжар Мәди өзінің ота жасатқаны жайлы Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Санжар Мәдиев. Фото: Instagram
Санжар Мәдиев. Фото: Instagram: UGC

«Биыл жыл басталысымен біраздан бері ойымда жүрген нәрсені жасадым. Ота жасаттым. Бұл сымбат үшін жасалатын дүние емес, аяғыма күрделі ота жасаттым. Қазір бәрі қалыпты. Бірнеше аптадан бері Нью-Йорктемін»,- дейді Санжар Мәдиев.

Айта кетейік, оқырмандары актерға «Тезірек жазылып кет, бауырым!», "Аға, аман-есен сауығып кетіңіз",- деген жылы лебіздерін жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1714854-elimizdegi-symbatty-akterdi-biri-krdeli-ota-zasatkanyn-ajtty/