Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өмірде де, өнерде де бірге: Айқын мен Жұлдыз бірігіп жұмыс істемекші

Опубликовано:

Айқын мен Жұлдыз Өмірғали әлі күнге жеке өмірлеріне қатысты мәлімдеме жасамады. Бірақ олардың өнер жолында продюсер мен әнші ретінде бірге жұмыс жасап жатқандары белгілі болды. Бұл жайында Эрик Тастембеков айтты деп хабарлайды «NTK» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жұлдыз бен Айқын. Фото: nur.kz
Жұлдыз бен Айқын. Фото: nur.kz: UGC
Жұлдыздың Серік Гамза-Задемен орындайтын «Сырласу» әніне алғаш рет ұсыныс Эрик Тастембеков пен Айқыннан түскен. Серіктің айтуынша продюсер Эрик Тастембеков әншіге «Жұлдызбен дуэт айтуың керек»,- депті.

Осылайша бастапқыда Сандамен орындауы керек болған әнді, Серік Жұлдызбен айтып шыққан. Бейнебаяны сәтті шыққан қос әншінің алдағы уақытта дуэт орындауы, Жұлдыздың продюсеріне яғни Айқынға байланысты болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1715157-mirde-de-nerde-de-birge-ajkyn-men-zldyz-birigip-zmys-istemeksi/