Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мөлдір Әуелбекова өз тобын «Kesh You-дың» көшірмесі дегендерге жауап берді

Опубликовано:

Жақында ғана продюсер атанып, «Назар» тобын көпшілікке таныстырған Мөлдір Әуелбекованың жобасын көпшілік сынап тастады деп хабарлайды «НТК» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова. Фото: Интернет
Мөлдір Әуелбекова. Фото: Интернет: UGC

18 бен 21 жас аралығындағы арулардан тұратын топ қыздарына қатысты сынаққа продюсер төмендегіше жауап берді.

«Мен өзім топта болдым. Сол себепті салыстырады, салыстырсын. Олда бір өзінің септігін тигізеді. Мен одан қорықпаймын салыстырғаннан. «Кешьюдің» қазіргі бағыты басқа. Біздің бағытымыз басқа»,- деп жауап берді Әуелбекова.

Жеті жылға келісімшартқа отырған топ қыздарының да бұл сынға айтары бар.

«Он жылдық тарихы бар үлкен топпен, жаңа топты салыстыру негізі дұрыс емес деп ойлаймын. Он жеті миллион халық болғандықтан, он жеті миллион адамның сонша түрлі ойы болады. Бәрінің неше түрлі пікірі бар», - дейді жас әншілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1715621-mldir-uelbekova-z-tobyn-kesh-you-dy-ksirmesi-degenderge-zauap-berdi/

pixel