RU

"Қамшымен осып жіберді": Тоқтар Серіков әкесінен таяқ жеген кезін еске алды

Танымал қазақ әншісі Тоқтар Серіков әкесі арқасынан қамшымен тартып қалғалы ешкімнің ала жібін аттамаған деп хабарлайды masseget.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Бала күнімде бір қателік жасағанмын. Ол кезде, жайлауда мал бағатынбыз. Бізбен көршілес қойшылар отыратын. Әкем ат арқандауға жіберген болатын. Қарасам көршілердің ат арқандайтын орнында әдемі қамшы жатыр екен. Қуанып, «қамшы тауып алдым» деп әкеме алып келдім.
Әкем маған қарап тұрды да, «бері келші» деді. Қамшыны ұсынып едім, қолымнан ұстамады. Білегімнен тартып, арқамнан қамшымен тартып жіберді де «Екінші, біреудің затын рұқсатсыз алма. Қай жерден алдың, сол жерге апарып таста» деді. Мен жүгіргеннен-жүгіріп отырып, қамшыны алған орныма қайта қойып кеттім. Міне, содан бері біреудің ала жібін аттаған емеспін», - деп сөзін аяқтады Тоқтар Серіков.
Тоқтар Серіков. Скриншот
Тоқтар Серіков. Скриншот: UGC
Әншінің оқырмандары болса «Тоқтар аға, риясыз шындық, айтылған ақыл, көрегендік, көп балалы отбасыларда сақталады деген рас екен. Айтылған әңгімеңіз жүрекке жетті», «Не деген керемет тәрбие» деп ризашылықтарын білдірді.

Айта кетейік, Тоқтар Серіков жары Бейбітпен бірге үш бала тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1715806-kamsymen-osyp-ziberdi-toktar-serikov-kesinen-taak-zegen-kezin-eske-aldy/