Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өнер қырандары" көмекке мұқтаж жандарға баспана сыйламақшы (фото, видео)

Опубликовано:

Елімізге белгілі әзіл-сықақ театрының әртістері «Харекет» деп аталатын қайырымдылық қорымен бірлесе отырып көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуда деп хабарлайды NUR.KZ.

Харекет. Фото: Instagram
Харекет. Фото: Instagram: UGC

Аталмыш қор арқылы елімізде жағдайы жоқ, көмекке кіріптар қазақстандықтар баспаналы бола алады. Ол үшін қорға мүмкіндігі бар әр адам 1000 теңгеден қаражат аударуы керек.

Қазіргі таңда, шамасының келгенінше адамдардың үйлі болуына мүмкіндік сыйлап жатқан жандар баршылық екен.

Бұл жайында «Өнер қырандарының» Instagram парақшасында жарияланды.

«Ассаламуғалайкум, қадірлі ағайын! Алғашқы үйімізді алып, сүйіншімізді сұрағалы да біраз уақыт өтіпті. Мұқтаж жандарға қол созуды, мүмкіндігінше баспаналы болуға жәрдем беруді мұрат тұтқан «Харекет» қайырымдылық қорының жұмысы жалғасуда. Аллаға шүкір, қазіргі күнде шотымызға 1 млн 200 мың теңгедей қаражат түсті.
Қадірлі бауырлар! Бір жұмылып жіберсек, тағы бір баспана алудың реті келіп тұр. «Осы жолы баспананы өзі жетім өскен, қазір АҚТӨБЕ облысы, Мұғалжыр ауданы, Сағашыл ауылында пәтерде тұратын, ІІ топтағы мүгедек, жұмысқа жарамсыз, бір баласы бар Мажиева Динара деген қарындасымызға алып берсек» деген ниетіміз бар. Садақаның мал-мүлікті кемітпейтінін, керісінше мал-дүниемізге береке дарытатынын, еселеп қайтатынын есімізден шығармайық», - деп жазды парақшаларына театр әртістері.
Сәтпаевта үйлі болған отбасы. Фото: Instagram
Сәтпаевта үйлі болған отбасы. Фото: Instagram: UGC

Айта кетейік, бұл қор арқылы баспаналы болатындар, арнайы комиссия тексерісінен өткеннен соң ғана белгілі болады.

Қазіргі уақытта «Харекет» қоры арқылы Сәтпаев елді-мекеніндегі жеті баласы бар, бір баласы мүгедек, əйелі жетімханада өскен отбасыға бұйырды. Олар осы уақытқа дейін мекеменің офисінде бір бөлмесін жалдап тұрған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1716110-ner-kyrandary-kmekke-mktaz-zandarga-baspana-syjlamaksy-foto-video/

pixel