Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық танымал актер Болливуд киносына түсуден неге бас тартты?

Опубликовано:

Ақтөбе қаласына арнайы «Ревизор» қойылымын сахналауға барардың алдында Болат Әбділмановқа Болливудқа шақырту түскен деп хабарлайды Aktobenews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Отандық танымал актер Болливуд киносына түсуден бас тартқанын айтты
Отандық танымал актер Болливуд киносына түсуден бас тартқанын айтты: UGC

Театр және кино актері арнайы комедиялық бағыттағы «Ревизор» қойылымынан ұсыныс түскен сәтте тарихи үнді фильміне де шақырту алған. Бірақ, Болат Әбділманов Ақтөбедегі сахналайтын рөлін таңдағанын жеткізді.

«Театр басшысы Нұрхан (театр директоры — ред.) мырза маған алғашқы жобам деп ұсыныс жасады. Сол сәтте маған Болливудтан да шақырту келген болатын. Тарихи үнді фильмінде басты рөлді ойнайды екенмін. Шыны керек, таңдаудың ортасында қалдым. Бірақ, уәдені Нұрханға беріп қойғаннан кейін Болливуд жасаған ұсыныстан бас тарттым. Жүрексініп келгенім рас. Театрдың актерлері шебер, шабыт береді», — дейді Болат Әбділманов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1716351-otandyk-tanymal-akter-bollivud-kinosyna-tsuden-nege-bas-tartty/

pixel