78 жасқа толған Ескендір Хасанғалиев Алматы төрінде дүркіретіп той жасады (фото)
Опубликовано:
13 ақпан күні қазақ халқының танымал сазгері Ескендір Хасанғалиев 78 жасқа толды. Өнер майталманы айтулы мерейтойына орай Алматы төрінде той жасап, меншікті мерекесін атап өтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Әйгілі Хасанғалиевтің туған күні Алматы қаласында "Тұмар" мейрамханасында болды.

Оған танымал журналистер, өнер қайраткерлері, беделді тұлғалар қатысты.

Әншіні туған күнімен құттықтауға Бибігүл Төлегенова, Дәулет Тұрлыхановтың анасы, Сиви Махмудидің ата-анасы, Мирас пен Құралай және т.б. танымал жұлдыздар келген.

Қазақстанның халық әртісіне ұзақ ғұмыр тілеген жұлдыздар оның қуанышына ортақтаса келіп, ізгі тілектерін жаудырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1717260-78-zaska-tolgan-eskendir-hasangaliev-almaty-trinde-drkiretip-toj-zasady-foto/