Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роза Рымбаева не себепті екінші рет тұрмысқа шықпағанын ашып айтты

Опубликовано:

Өмірінде екінші рет Тасқындай азамат кездеспегенін айтқан Роза Рымбаеваның ендігі арманы тұрмысқа шығу емес, немере сүю деп хабарлайды comode.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Роза Рымбаева & Тасқын Окапов. Фото: Интернет
Роза Рымбаева & Тасқын Окапов. Фото: Интернет: UGC
«Жұбайымның махаббаты маған күні бүгінге дейін күш беріп келеді. Мүмкін, өмірде мені де, өнерімді де дәл Тасқындай түсінетін азамат кездессе тұрмысқа шығар ма едім?! Жалғызбын деп айтпаймын. Өйткені, қос ұлым мен бауырларым бар. Осы жасымда секеңдеп тұрмысқа шыққаным маған жараспайды. Сондықтан, менің емес, ұлдарымның тойын күтеміз», - деп ағынан жарылды әнші.
Роза Рымбаева балаларымен. Фото: Nur.kz
Роза Рымбаева балаларымен. Фото: Nur.kz: UGC
Сондай-ақ әнші: «Әли ертең үйленемін десе, бүгін құдалыққа баруға дайынмын. Келінге қатып қалған қағидам жоқ. Тек тазалыққа ерекше мән беремін. Ендігі арманым ұлдарымды үйлендіріп, немере сүю. Үнемі сахнада жүремін деп айта алмаймын. Жасым, уақытым келген кезде өнермен қоштасып, үйде немерелерімнің бесігін тербетіп, әлдиімді айтамын», - деді.

Айта кетейік, Халық әртісінің келінге деген қатып қалған қағидалары да жоқ. Келіндеріне қоятын басты талабы: ұлдарын сүйіп, сыйлай білсе болғаны. Ал келіннің білмегенін, болашақта бірге жүріп үйреткісі келеді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1717697-roza-rymbaeva-ne-sebepti-ekinsi-ret-trmyska-sykpaganyn-asyp-ajtty/

pixel