Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

91 тобының жетекшісі Ерболат Беделхан Ұлттық арнада қыздарға кастинг жариялайды

Опубликовано:

«Ninety one» тобының продюсері Ерболат Беделхан K-pop жанрындағы қыздар тобына іріктеу өткізеді. Бұл туралы "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен көктемгі маусымның таныстырылымында айтты деп хабарлайды today.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ерболат Беделхан. Фото: Instagram
Ерболат Беделхан. Фото: Instagram: UGC
«Танымал продюсер Ерболат Беделханмен жаңа жоба жасап жатырмыз. Көктемгі маусымда ұсынатын боламыз. Ерболат Беделхан бұл бағдарламада K-pop жанрындағы топқа қыздар арасында іріктеу өткізеді», – деді "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин.

Айта кетейік, екі жарым жыл бұрын Ерболат Беделхан "Ninety one" тобын көпшілікке таныстырғанда, қоғам пікірі екіге бөлінген болатын. Олардың бірі "жігіттерге боянып, сырға таққан сын" деген пікір айтса, екіншілері аталмыш топтың жанкүйеріне айналып үлгерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1718996-91-tobyny-zeteksisi-erbolat-bedelhan-lttyk-arnada-kyzdarga-kasting-zarialajdy/

pixel