Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкесі қайтыс болған қызға "арам қат" деген қазақ әзілкеші ұятқа қалды

Опубликовано:

Қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабыров аузынан шыққан абайсыз сөзі үшін ұятқа қалды. Ол Ресей сахнасында тұрып, қалта телефоны шырылдаған жанкүйеріне «арам қат» деп ауыр сөз айтқан деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Нурлан Сабуров. Фото: nur.kz
Нурлан Сабуров. Фото: nur.kz: UGC

Сабыров өнер көрсетіп тұрғанда, көрермендердің бірі телефонмен қатты сөйлесіп, бірнеше рет «анашым» деп дауыстап айқайлаған.

Ал әзілкеш Нұрлан Сабыров қыздың концерт залынан жүгіріп шыққанын көріп: «Бұл не болды?», «Арам қаттың деп ойлаймын» деген.

Концерттен кейін қала тұрғындары желіде жас қыздың сол кештегі әрекетін сөз қылып, мән-жайды білуге тырысқан. Кейін қыздың жақын құрбысы сол күні олардың отбасында қайғылы жағдай орын алғанын айтады.

Концерт болған күні аталмыш қыздың анасы оған әкесінен айырылғанын хабарлаған. Осы себептен әзілкештің жанкүйері концерт кезінде «анашым» деп айқай салып, залдан жүгіріп шығып кеткен.

Айта кетейік, Нұрлан Сабыров кештегі келеңсіз оқиғадан соң қызға хабарласып, кешірім сұраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1719083-kesi-kajtys-bolgan-kyzga-aram-kat-degen-kazak-zilkesi-atka-kaldy/

pixel