Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық жазушыға тұрмысқа шыққан әнші қызғаншақ күйеуімен ажырасып кетті (видео)

Опубликовано:

Танымал әнші Гүлбаршын Тергеубекова Қазақстан ұлттық арнасының "Бақытты әйел" бағлдарламасында қонақта болып, жеке өмірі туралы әңгімеледі. Ол бұрынғы жұбайы, елге сыйлы жазушы Дидар Амантайдан неге ажырасқанын айтып, көзіне жас алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото желіден алынды
Фото желіден алынды: UGC

Бағдарламаға келген әнші Гүлбаршын Тергеубекова өзінің алғашқы күйеуінен ерте айырылып, 40 жасына дейін күйеуге шығу туралы ойламаған. Алайда танымал жазушы Дидар Амантай оны өзінің сезіміне сендіріп, екеуі шаңырақ көтерген.

"Жалғыздықтан адам кейде шаршайды, жасыратыны жоқ. Дидар өлеңдерін жазып, менің соңымда 2-3 жыл жүрді", - деп тәтті шақтарын еске алды әнші.

45 жасында ол жазушыдан Рәбия-Сұлтан Бегім деген үшінші қызын босанып, желіде "Бақыттымыз" деп жарияға жар салушы еді. Дегенмен көп ұзамай олар қайта айырылысып кетті.

"Халықтан жасыратыны жоқ, біздің осылай ажырасып кетуіміз - Дидардың менң қызғануынан болды. Ол мені кез-келген жерде қызғанып отыратын. Ол өнер адамына өте қиын. Барған жеріңде қызғанып отырса, сен халыққа өнеріңді де көрсете алмайсың деп ойлаймын. Сол бірден-бір себеп болды", - дейді Гүлбаршын Тергеубекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1719314-otandyk-zazusyga-trmyska-sykkan-nsi-kyzgansak-kjeuimen-azyrasyp-ketti-video/

pixel