Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мөлдір Әуелбекова өзімен дуэт орындау үшін қыруар қаржы төлеген оқырманға жауап берді

Опубликовано:

Осыдан біраз уақыт бұрын Мөлдір Әуелбековаға хат жазған оқырман баласының ән орындауы үшін 75 мың теңге төлегенін айтқан болатын. Алайда әнші балалардан өзімен ән орындауы үшін қаражат ала алмайтынын жекізді деп хабарлайды «НТК» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова. Фото:Brod.kz
Мөлдір Әуелбекова. Фото:Brod.kz: UGC
«Сәлеметсіз бе, Мөлдір ханым! Бізге әншілер мен балалар бірлесіп дуэт жазады деген ұсыныс түсіп, ұйымтастырушыларға 75 мың теңге төлеген едік. Алайда «әншінің денсаулығына байланысты түсірілім кейінге қалдырылды» деді. Бұл рас па? Әлде біз алдандық па?» - деп оқырман әншіге хат жолдаған.
«Алаяқтар да көп. Аз емес. Ән айту үшін, кішкентай балалардан ақы алуға менің дәтім шыдамайды екен», - деп айтты Мөлдір Әуелбекова.

Абырой болғанда оқырман 75 мың теңгесін дер уақытында қайтарып алған. Ол әншіге хабарласып, алғысын да білдіріпті.

Айта кетейік, әнші мен делдалдардың арасында алдауға түспеу үшін, оқырмандар "алдымен тікелей әншінің өзіне хабарласқан дұрыс" деген пікірде еліміздің өнер иелері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1719393-mldir-uelbekova-zimen-duet-oryndau-sin-kyruar-karzy-tlegen-okyrmanga-zauap-berdi/

pixel