Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігерлер денсаулығы сыр берген Жанар Дұғаловаға билеуге тыйым салды

Опубликовано:

Танымал әнші Жанар Дұғалова ұзақ уақыт сахнадан көрінбей кетуінің себебін түсіндірді. Денсаулығы сыр берген әншіге дәрігерлер ұзақ уақыт бір орында тұруға, билеуге тыйым салған деп хабарлайды «Гәкку» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жанар Дуғалова. Фото: NUR.KZ
Жанар Дуғалова. Фото: NUR.KZ: UGC

Бұл жайында әншінің өзі айтып берді.

«Мен өзіме ұзақ уақыт бойы билеуге, оқыс қимылдауға мүмкіндік бермедім. Сондықтан біраз емделуге тура келді. Қазір жұмысқа толықтай дайынмын. Жаңа ән жаздырып, студиядан шықпай жүрмін. Тіпті киноға түсуге де ұсыныстар алдым», - деп айтты әнші.

Сондай-ақ Жанар Дұғалова наурыз-сәуір айларында жаңа әнге бейнебаян түсіретінін де жеткізді.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Жанар Дұғалова мен танымал актер Тәуекел Мүсілім арасында байланыс бар деген ақпарат тараған болатын. Кейінірек қос жұлдыз бұл ақпараттты жоққа шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1719426-drigerler-densaulygy-syr-bergen-zanar-dgalovaga-bileuge-tyjym-saldy/

pixel