Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекболат Тілеухан қазақ киносын шеттететін кинотеатрларға шүйлікті

Опубликовано:

Бүгін Алматы қаласында «Кинематография» заң жобасын талқылаған кино саласының мамандары, зиялы қауым өкілдері мен мәжіліс депутаттары заңды қабылдау барысында қателіктерге бой алдырмау керектігін айтты деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ

Бекболат
Бекболат Тілеухан: UGC

Сондай-ақ, дөңгелек үстелде құжатта өріп жүрген қателер, тарихи фильмдерге бөлінетін қаражаттың аздығы, сырттан келген фильмдерге салық салу сынды мәселелер қызу талқыланды.

Кино кез келген мемлекеттің мәдениет айнасы болғандықтан, заңның кемшін тұстарын майшаммен қарау қажет.

Заңды дайындау барысында Ресей, Франция сияқты мемлекеттердің кинематография саласындағы тәжірибесі зерттелген. Осы орайда, дөңгелек үстелде сөз алған мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан француздардың Голивуд фильмдеріне салық салу жүйесін заңға енгізу керектігін айтты.

"Біле берсеңіздер, қазір көрілімдегі ұлттық киноның үлес мөлшері төрт-ақ пайыз. Тоқсан алты пайыз сырттан келетін кинолар. Сол себепті, бүкіл репертуардың жартысын ұлттық өнімге беру керекпіз. Кем дегенде қырық пайызын алу керек. Олай болмаса, қазақ киносы қазір мүшкіл халде", - дейді Бекболат Тілеухан.

Дамыған мемлекеттердің барлығында дерлік бұл сала заңмен реттеліп, жүйленген. Осы тұста, «Кинематография туралы» заң да қабылданып қана қоймай, бүгінгі кино саласында кенжелеп тұрған мәселелерді реттеуі тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1719769-bekbolat-tileuhan-kazak-kinosyn-settetetin-kinoteatrlarga-sjlikti/

pixel