Салтанат Бақаева үшінші рет ана атанды
Опубликовано:
Белгілі әнші Салтанат Бақаева үшінші рет ана атанды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл жайында Бақаеваның құрбысы Әсем Нұрсейітова Instagram парақшасында хабарлады.
"Нұржан, Салтанат! Бауы берік болсын! Ұл",-деп жазды Нұрсейітова.

Айта кетейік, әншінің екі ұлы бар. Күні кеше Бақаева дүниеге үшінші батырды алып келді.
Ал оқырмандар әншіге «Бауы берік болсын», «Құттықтаймыз», «Балаларының қызығын көріңіздер» деп тілектерін жаудырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1719828-saltanat-bakaeva-sinsi-ret-ana-atandy/