Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрболат Абдуллин әйгілі әншілердің қолынан сыбаға жеді (видео)

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин өнердегі танымал аға буын Мейрамбек пен Тоқтардың қолынан сыбаға жеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Нұрболат Абдуллин әйгілі әншілердің қолынан сыбаға жеді (видео)
Нұрболат Абдуллин әйгілі әншілердің қолынан сыбаға жеді (видео): UGC

Бұл жайында әншінің өзі Instagram парақшасына жүктеп қойды.

"Əуелі Алла, одан кейін қазақ ырымының өз жөні бар ғой. Ағаларымнан "асату" алғаным жолын берсін дегенім. Секем алып емес, сеніп асадым. Төртінші сəуір Республика сарайында болатын шығармашылық кешіме сəттілік тілеп, осылай іштей ниет еттім. Қабыл болғай! Əмин! Ағаларым бар менің", – деп жазды Абдуллин.

Айта кетейік, өнер иелері қазақтың қалыс қалған дәстүрін қайта жаңғыртты. Ертеде аға буын табақтағы етті турай отырып, сыбағалы мүшесінен жасы кішілерге дәм таттырған. Ал кіші буынның алақан толы етті жеуден бас тартуы ұят саналған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1720177-nrbolat-abdullin-jgili-nsilerdi-kolynan-sybaga-zedi-video/

pixel