Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бағым Мұхитденова жиен сіңлісі Аша Матай үшін "Қалаулымға" араша түсті

Опубликовано:

Еліміздегі танымал музыкалық сыншы Бағым Мұхитденова көпшілік қарсы болған "Қалаулым" бағдарламасын жақтап шықты. Ол Instagram парақшасында бағдарламаның жүргізушісі әрі өзінің сіңлісі болып келетін Аша Матай үшін жүрегі ауыратынын айтқан деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: UGC

- "Қалаулым" - рейтингісі ең жоғары жоба! Ал рейтингісі бәрінен озып тұрған тележүргізуші Аша Матай менің жиен сіңілім болып келетіндіктен, үндемей қалмаймын! Жобаның рейтингісі жоғары екендігіне қарап, бұл бағдарламаны халықтың жақсы көретінін, жақсы қабылдайтынын байқауға болады. Ендеше, бәріне ұнайды деген сөз! Факт - факт болып қала береді. Менің жиенім Аша Матай үшін жүрегім ауырады. Бұл жерде мен немесе басқа емес, халық таңдайды. Сондықтан, Аша, қандай жағдай болса да мен сенімен біргемін, - деп жазды Бағым желідегі парақшасында.

Аша Матай
Аша Матай: UGC

Еске сала кетейік, Сәкен Майғазиев бастаған отандық жұлдыздар жобаның жабылуын талап еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1720231-bagym-mhitdenova-zien-silisi-asa-mataj-sin-kalaulymga-arasa-tsti/

pixel