Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сарттар келе ме?": Қайрат Әділгерей алғашқы эфирінде Төреғалиді күлкі қылды

Опубликовано:

Нұрлан Қоянбаев жүргізген «Түнгі студия» бағдарламасының тізгінін қолға алған актер Қайрат Әділгерей алғашқы эфирінде Төреғали Төреәліні күлкі қылды деп хабарлайды Sn.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Сарттар келе ме?": Қайрат Әділгерей алғаш эфирінде Төреғалиді күлкі қылды
"Сарттар келе ме?": Қайрат Әділгерей алғаш эфирінде Төреғалиді күлкі қылды: UGC

Студияға Сәкен Майғазиевті қонаққа шақырған Қайрат әншінің алдағы ән кеші жайлы сұрап, сөзін қалжыңға айналдырды.

«Концертіңізге сарттар, ой сарттар деппін ғой, қарттар келе ме? Бұл сөз өзекті болған соң аузыма түсіп кетіп жатыр, кешіріңіздер, шатасып жатырмын. Қарттар дегім келді», – деген жүргізушінің сөзіне Сәкен Майғазиевпен қосыла көрермендер де күліп алды.

Естеріңізге сала кетсек, Төреғали Төреәлі Павлодардағы концертте қарт кісіге «Еріккен сарт... » деп басталатын мақалды айтамын деп басы дауға қалған еді.

Кейін ол тікелей эфирге шығып, көптен кешірім сұрағандай болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1720455-sarttar-kele-me-kajrat-dilgerej-algasky-efirinde-tregalidi-klki-kyldy/

pixel