Үшінші сәбиін дүниеге әкелген Салтанат Бақаева перзентханадан шықты (фото)
Опубликовано:
Үшінші сәбиін дүниеге алып келген Салтанат Бақаева перзентханадан шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Күні кеше әншіні жұбайы Нұржан мен туған туыстары перзентханадан шығарып алды. Бұл жайында әншінің өзі Instagram парақшасына жазып қойды.
«Аллаға шүкір! Үйге келдік. Барша жазған тілектеріңізге мың алғыс!» - деп жазып қойды әнші.

Айта кетейік, Салтанат пен Нұржанның Әмір мен Әділ есімді қос ұлы бар. Ал үшінші сәбиге қандай есім берілгені әзірге белгісіз.
Әншінің оқырмандары «Бауы берік болсын», «Құтты болсын», «Аман-есен оралуыңызбен» деп жылы лебіздерін білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1720534-sinsi-sbiin-dniege-kelgen-saltanat-bakaeva-perzenthanadan-sykty-foto/