"Екінші Байзақова": Ашық-шашық денесін көрсеткен Мақпал жұртқа жақпай қалды
Опубликовано:
Әнші Мақпал Исабекованың Instagram парақшасына жартылай жалаңаш күйде түскен суретін көріп, көпшілік оны атышулы Айжан Байзақоваға теңеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Эстрада жұлдызы, әнші Мақпал Исабекова тағы да көпшіліктің сының астында қалды. Бұл жолы жұртқа өнер иесінің жартылай жалаңаш күйде түскен суреті жақпай қалған.

Желі қолданушылары, «осы іспеттес суреттеріңмен атышулы Байзақовадан аумай қалыпсың, ұят, өкінішті» деген сияқты пікірлерін жаудырып жатыр.
Айта кетейік, жартылай жалаңаш образдарымен ел есінде қалған атышулы Айжан Байзақова бұған дейін талай мәрте жұртшылықтың қызу талқысына түскен еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1720565-ekinsi-bajzakova-asyk-sasyk-denesin-krsetken-makpal-zrtka-zakpaj-kaldy/