Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуінің пікіріне қарсы шықты

Опубликовано:

Осыдан біраз уақыт бұрын Сәбит Әбдіхалықов «Квн-нен шыққан әртіс болмайды» деп пікір білдірген болатын. Алайда Айгүл Иманбаева бұрынғы жарының пікіріне қарсы шықты деп хабарлайды «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуінің пікіріне қарсы шықты. Фото: moneytubes.info
Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуінің пікіріне қарсы шықты. Фото: moneytubes.info: UGC

Бүгінде кино мен театр саласында жүрген әртістердің көпшілігі театрдан шыққан. Сондықтан Иманбаева бұрынғы күйеуінің пікірімен келіспейді.

«Мен бұл пікірмен толыққанды келіспеймін. Өйткені, квн-нан шыққан Тұрсынбек бастаған топ бар. Ол жерде кәсіби актер ойнаса, дәл олар сияқты шығара алмасы мүмкін», - деді Айгүл Иманбаева.

Сондай-ақ, Жанатбек Байтеков те бұл пікірмен келіспейді.

«Олардың бәрі біз айтқанмен, сахнадан кетіп қалған жоқ. Олар бізден әртіс шықпайды деген жоқ. Квн-нен шыққан таланттар бар», - деген пікірде ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1721485-ajgl-imanbaeva-bryngy-kjeuini-pikirine-karsy-sykty/

pixel