Қайрат Нұртастың жаңа әні тағы да сынға ұшырады (фото)
Опубликовано:
Қайрат Нұртастың жаңа әні тағы да сынға ілікті. Белгілі ақынның сөзіне жазылған «Өлшеулі өмір» әнін оқырмандар өзге адамның орындауында тыңдап қойғандарын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Елімізге белгілі ақын Саят Әбеновтың сөзіне жазылған «Өлшеулі өмір» әнін енді Қайрат Нұртастың орындауында тыңдай аласыздар. Бұл жайында Гүлзира Айдарбекова өзінің Instagram парақшасында жариялады.
«Концертімізге санаулы күндер қалды деп, тағатсыздана әндер жаздыру үстіндеміз», - деп жазып қойды продюсер.
Алайда оқырмандар бұл әнді бұрын «Алдараспан» театрының әртісі Айбат Маратовтың орындауында тыңдағандарын айтты. Сондай-ақ желі қолданушылары Айдарбековадан жаңа туындыларды жарыққа шығаруларын өтінді.
Олар «Бұл ән бұрын шығып қойды ғой», «Айбар Маратов жақсы жеткізе білді», «Жаңа туындылар шығарыңыздаршы» деп жазды.

Ал Гүлзира Айдарбекова оқырмандарына «Бұл ән Қайратқа айтады деп арнап жазылған ән. Тек «Алдараспаннан» бір жігіт кешке бір-ақ рет орындап шығуға рұқсат сұраған екен. Ақын солай деп түсіндіріп, бұл әнді Қайраттың орындауына арнап жазғанын ескертті», - деп жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1721503-kajrat-nrtasty-zaa-ni-tagy-da-synga-syrady-foto/