Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баян Алагөзова той басқару үшін 20 мың доллар сұрайтынын ашық айтты

Опубликовано:

Атағы жер жаратын Баян Мақсатқызы алғаш рет тойдағы гонорары туралы айтты. Продюсер жақын досының сұрауымен бір тойды 20 мың долларға басқарып берген деп хабарлайды NUR.KZ. Бұл туралы ол "Отырар" арнасына берген сұқбатында мәлімдеді.

Баян Алагөзова бір тойды басқару үшін 20 мың доллар алғанын ашық айтты
Баян Алагөзова бір тойды басқару үшін 20 мың доллар алғанын ашық айтты: UGC

Той туралы сөз қозғаған журналист продюсердің тойға шығатын-шықпайтынын сұрады. Баян Мақсатқызы тойларға шыққанды неліктен ұнатпайтынын және бір тойды басқару үшін 20 мың доллар сұрағанын ашық айтты.

"Жоқ! Мен бағасын айтқан кезде менен қашып кетеді. Бір күні досым бұл бағаға келісіп, мен тойды басқаруға мәжбүр болдым. Мен өзімді робот секілді сезіндім. Бұл менің кәсібім емес екен. Шыны керек, мен сол күні жеңілгендей сезіндім.
Бірақ ақшасын алып кеттім. Сол күні енді ешқашан тойға шықпаймын деп өз -зіме уәде бердім. Жиырма мың доллар алған болатынмын! Мен той басқара алмаймын. Шын айтамын, бұл менің кәсібім емес", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1721570-baan-alagzova-toj-baskaru-sin-20-my-dollar-srajtynyn-asyk-ajtty/

pixel