Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарлық жеткіншек ерекше даусымен ресейліктерді тамсандырды (видео)

Опубликовано:

Балалар үйінің тәрбиеленушісі 13 жастағы павлодарлық Дәулетхан Аханов "Ты супер!" халықаралық байқауының екінші кезеңіне өтті деп хабарлайд NUR.KZ.

НТВ арнасына берген сұқбатында қазақстандық балақай Ресейде өтіп жатқан аталмыш байқауға анасы келіп, өзінің қалай өнер көрсетіп жатқанын көрсе деп армандайтынын айтқан.

Дәулетхан небары алты жаста болған кезде әке-шешесі ата-ана құқығынан айырылған. Сол сәттен бері жасөспірім Павлодардағы балалар үйінде тәрбиеленіп келеді.

"Ты супер!" халықапалық байқауының екінші кезеңіне өткен Дәулетхан "А-Студио" тобының "Джулия" әнін орындап, ерекше даусымен қазыларды таңғалдырған.

Ол үшін Сергей Лазарев, Игорь Крутой және Юлиана Караулова сынды ресейлік жұлдыздар дауыс берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1722152-pavlodarlyk-zetkinsek-erekse-dausymen-resejlikterdi-tamsandyrdy-video/

pixel