Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұрат Қожа ел алдына шыққан өзінің бірінші әйеліне жауап берді

Опубликовано:

Жақында ғана Мұрат Қожаның бұрынғы әйелі Айман Нұразхан өткен өмірі жайлы «Бақытты әйел» бағдарламасында сыр шерткен болатын. Алайда әншінің өзі Instagram парақшасында көпшіліктен жеке өміріне араласпауын сұрап жазба қалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Мұрат Қожа мен айман Нұразхан. Фото: NUR.KZ
Мұрат Қожа мен айман Нұразхан. Фото: NUR.KZ: UGC

Әнші «өзгенің өмірін талқылау, жеке бастарыңызға әсер етпесін» деп ескерту жасады.

«Бастаған екен, нүктені осы жерден қояйын! Кейбір журналист-сымақтарға экранның бетіне енді шыққан. Менің жеке өмірім- ол менің жеке өмірім. Рейтинг үшін жалған ақпараттың қажеті жоқ еді. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс бір Аллаға аян. Ақталмаймын! Бірақ, менің өмірімді ортаға салып, талқылауға рұқсат жоқ. Менің рұқсатымсыз мен туралы жазбаса екен. Және қоса кететін бір әнгіме, құрметті ағайын,! Әсіресе қыздар, келіншектер менімен бірге тұратын адам құсап әнгіме жазудан аулақ болыңыздаршы. Біреуді кінәләп, жала жауып, көрмегенді көргендей болып әнгіме айтпаңыздар. Ол - өте үлкен күнә. Тағыда айтам, менің өмірім ол тек менің өмірім. Мен кіммен қалай, қашан араласатынымды өзім шешейін. Әрине ақыл айтып, жақсы болсын деген тілектеріңізге раxмет», - деген әнші болашағын білмейтін адамдардан қателік жасағандарды сөкпеуді сұрады.
Мұрат Қожа: Менің өмірімді талқылауға рұқсат жоқ. Фото: Instagram
Мұрат Қожа: Менің өмірімді талқылауға рұқсат жоқ. Фото: Instagram: UGC

«Сондада біреудің өміріне кіріспеген жақсы. "Өзгенің отбасы қараңғы орман"сияқты. Сіздер ертең не болатынын білмейсіздер. Кез-келген адамның басында түрлі жәйлар болып жатады. Мен ешқашан өзгенің ала жібін аттаған жоқпын. Менің күнәмді, жаман- жақсылығымды бір Алла біледі. Сондықтан достар, өзімізді өзіміз жақсы жаққа жетелейік. Мені жек көрсеңіз үндемей жек көріңіз. Өзіңіз үшін жақсы. Маған жаман сөздер жазып, мойныңызға негатив іліп алып не керек?! Әдемі болып жүре беріңіздер. Журналистер рейтингтен сіздердің жұмыстарыңа пайда болса, жеке бастарыңызға зияны тиіп қалмасын. Біреуге ор қазба өзің түсесің. Абайлаңыздар!

Мен өнерде жүргендіктен мен туралы әр түрлі пікір бар. Сонда да болса сәл сабырлы болыңыздар. Он күнәнің тоғызы тілден. Сіздер менің өмірімді талқылап жыр қылғанмен, менің өмірім одан өзгеріп кетпейді», - деп сөзін аяқтады.

Ал оқырмандар екіге пікірі екіге жарылды. Бірі Мұрат Қожаның сөздерін дұрыс десе, екіншілері эфирде отбасылық құпиясымен бөліскен Айман Нұразханға қолдау білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1722292-mrat-koza-el-aldyna-sykkan-zini-birinsi-jeline-zauap-berdi/

pixel