Майра Ілиясова Америка төрінде наурыз мерекесін атап өтпек (фото)
Опубликовано:
Елімізге еңбегі сіңген әнші Майра Ілиясова өз шәкірттерімен бірге Америка Құрама Штаттарында наурыз мерекесін тойлауға аттанды деп хабарлайды NUR.KZ.

Күні кеше әнші шәкірттерімен бірге Америкаға жол тартты. Олар шетелде он күннен астам гатрольдік сапармен это-фальклорлық ансамбльмен бірге өнер көрсетеді. Ол осы концерт барысында 20-дан аса халық әні мен танымал композиторлардың әнін орындамақшы.
Айта кетейік, осыған дейін ақпан айының ортасында ансамбль Еуропадағы Венгрия, Сербия, Бельгия елдеріне барып бірнеше концерттік кеш өткізген еді. Майра Ілиясова осы бағыттағы топ құруды бір жыл бұрын жоспарлағанымен, мүмкіндік енді ғана келген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1722339-majra-iliasova-amerika-trinde-nauryz-merekesin-atap-tpek-foto/