Танымал отандық әнші өзінің ұлтын жасырып, жұрттың басын қатырып қойды (фото)
Опубликовано:
Отандық әнші Луина өзінің отбасы жайлы ақпаратты жасырын ұстайтындар қатарында. Анасының қазақ екенін айтып, әкесінің ұлтын жасырын қалдырған әнші жұрттың басын қатырып қойды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл жайында әнщі Instagram парақшасында жариялады.
«Менің анам - таза қазақ. Ресейдің Астрахань облысынан шыққан қазақ қызы. Құжаттар бойынша мен де қазақпын. Ешқашан әкемнің ұлты жайында айтқан емеспін. Қазір де айтпаймын. Бірақ, сіздерге екі суретті жариялап отырмын. Менің әкемнің ұлты қандай екенін тауып көріңіздер», - деп жазды.
Ал әншінің оқырмандары өз болжамдарын жарыса жазды. Олардың айтуынша, әнші татар ұлтына қатты ұқсайды. Алайда Луина ешкімге жауап қайтармады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1722501-tanymal-otandyk-nsi-zini-ltyn-zasyryp-zrtty-basyn-katyryp-kojdy-foto/