Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртастың келіншегі «Үздік әйел рөлі» номинациясын жеңіп алды (фото)

Опубликовано:

Кеше Алматыда жыл сайынғы Қазақстан кино сыншылар ассосациясының ұйымдастыруымен «Сыншылар таңдауы» өтті. Мерекелік шараға арнайы барған NUR.KZ тілшісі кино саласындағы үздіктерді марапаттау рәсіміне қатысып қайтты.

Қайрат Нұртастың әйелі «Үздік әйел рөлі» номинациясын жеңіп алды (фото)
Қайрат Нұртастың әйелі «Үздік әйел рөлі» номинациясын жеңіп алды (фото): UGC

Алдыңғы жылы елімізде жарық көрген кино туындылардың ең үздіктерін анықтаған кеште барлық кино жұлдыздар жиналды.

2017 жылғы «Ең үздік фильм» номинациясын Гүлзира Айдарбекова продюсерлік еткен «Арман.Періштелер ұйықтағанда» киносы жеңіп алды. Ал, ең үздік актриса ретінде Гүлзира ханымның келіні марапатталды. «Ең үздік әйел рөлі» номинациясына лайық деп танылған Жұлдыз Айдарбекова қуанышын жасырмады. Қос бірдей жүлдені иеленген Қайрат Нұртастың отбасы «Болашаққа бұнымен тоқтап қалмаймыз», - деп отыр.

Қайрат Нұртастың әйелі «Үздік әйел рөлі» номинациясын жеңіп алды. Фото: NUR.KZ
Қайрат Нұртастың әйелі «Үздік әйел рөлі» номинациясын жеңіп алды. Фото: NUR.KZ: UGC

Айта кетейік, өткен жылы Қайрат Нұртас әйелі Жұлдызбен бірге фильмге түскен болатын. Ол он жылдан бері елден жасырған әйелін актриса ретінде танытқан болатын. Жұлдыз Айдарбекова Алматыдағы Эстрада және Цирк колледжінде актриса мамандығында оқыған. Студент кезінде ешқандай киноға түспеген ол, алғашқы фильмде осындай жетістікке қол жеткізгені үшін барша халыққа алғысын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1722662-kajrat-nrtasty-kelinsegi-zdik-jel-rli-nominaciasyn-zeip-aldy-foto/

pixel