Салтанат Бақаева бала босанған соң сұлулығын қалай қалпына келтірген
Опубликовано:
Жақында ғана үшінші сәбиін өмірге алып келген Салтанат Бақаева өзінің сұлулығын қалпына келтіруге тырысып жүргенін айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші жүктіліктің тоғыз айында 15 келідей салмақ қосқанын айтып, Instagram парақшасында көрермендерімен сыр бөлісті.
«Маған жиі келетін сұрақтардың бірі ол "босанған соң қалай өзіңізге келдіңіз?» - деген сұрақ. Бірден өзіме келдім деп айта алмаймын. Үшінші рет босанған соң, шын мәнінде өзіңе тез келу мүмкін емес сияқты. Сонымен жүктіліктің тоғыз айында мен 69 келі болдым. Иә, ол рас. Босанған соң бір-екі күннен кейін таразыға тұрғанымда 59 деген сандарды көрсетті. Жақсы ма, жаман ба білмеймін. Бірақ өз салмағым 55 болғандықтан іштей қуанып қалдым», - деді әнші.
Сондай-ақ Бақаева енді артық салмағымен қалай күрескелі жүргенін жазды.
«Енді осы артық бес келі салмақты кетіру үшін мен күнде бес түрлі әрекет жасайтынын жазды. Олар: корсет кию; күнде таңертең аш қарынға су ішемін; вакум деген жаттығуды жасаймын; кешеден бастап бір минуттық планка жасай бастадым. Сосын сорпа,шай ішіп терлеп-тепшіп жүремін. Өздеріңіз айтар кеңестеріңіз болса жазыңыздар. Мен қуана-қуана оны да істеуге тырысамын. Өйткені, 40-нан шыққанға дейін үш келі тастасам деген арманым бар», - деп жазды Бақаева.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1723087-saltanat-bakaeva-bala-bosangan-so-slulygyn-kalaj-kalpyna-keltirgen/