Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тойдың құрметті қонағы болған Болат Назарбаев жас жұбайларға көлік сыйлады (видео)

Опубликовано:

Еліміздегі үйлену тойларының біріне қатысқан Болат Назарбаев жас жұбайларға автокөлік сыйлады деп хабарлайды «NewTimes.kz» сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Назарбаевтың інісі жас жұбайларға көлік сыйлады (видео)
Назарбаевтың інісі жас жұбайларға көлік сыйлады (видео): UGC

Видеодан үлкен көлемдегі қонақтар мен жас жұбайларды, дастархан толы ас пен көрнекіленген залды көруге болады.

Өз кезегінде сөз алған елбасының інісі Болат Назарбаев «Достарының атынан сіздерге көлік сыйлауға құрсат етіңіздер», - деді.

Бұл сөзден соң, тойға жиылған қауым тоқтаусыз шапалақ ұрды. Сондай-ақ қадірлі қонақ бата беріп, жас жұбайларды атаулы күндерімен құттықтады. Назарбаев орнынан тұрып, жас жұбайларға барып бетінен сүйді де, қолына көлік кілтін табыстады.

Айта кетейік, бұл кеште Мақпал Жүнісова мен Нұрлан Абдуллин де төбе көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1723549-tojdy-krmetti-konagy-bolgan-bolat-nazarbaev-zas-zbajlarga-klik-syjlady-video/

pixel