Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жезөкшелерді сабаған Жан Ахмадиев өзін сөккен Баянға жауап берді

Жарияланған күні:

Жезөкшелерді қамшымен қуған атышулы рэпер Жан Ахмадиев Баян Мақсатқызының өзіне қатысты пікіріне жауап берді. Оның айтуынша, Баян өзіне ақыл айтатын адам емес. Бұл туралы Today.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Жезөкшелердің сабаған Жан Ахмадиев өзін сөккен Баянға жауап берді
Жезөкшелердің сабаған Жан Ахмадиев өзін сөккен Баянға жауап берді: UGC
"Баяндар (Баян Мақсатқызы, – ред.) маған ақыл айтатын адам емес. Олар болып жатқан жағдайдың түбіне жетпей отыр. Бұл – интернетке арналған жоба. Бұл жерде біз тек жезөкшелерді сабауды мақсат тұтып отырған жоқпыз. Олар білмей жатып "шамасы әйелдерге жетеді" деген қорытынды шығарып жатыр. Қазақ қамшыны жауына қолданбаған. Негізгі мақсатымыз – "Жез қамшы" деген бағдарлама арқылы қоғамдағы келеңсіздіктермен күресу", – деп түсіндірді Ахмадиев.

Рэпер Алагөзованың пікірімен келіспейтінін айтты.

"Қазақ қыздарының жезөкшелікті қалыпты нәрсе деп қабылдап жатқаны жаныма қатты батады. Егер өзіңіздің қызыңыз көшеде солай тұрса, асып тастайсыз ғой. Баянның пікірімен келіспеймін. Қаншама қыздың ойын өзгертіп отыр ол әйел. Кітабы шыққан соң кейбір қыздардың күйеуімен ажырасып кеткенін естідім. Маған "елді үйрететін сен кімсің?" дейді. Баян кім елді үйрететін?" – деді Ахмадиев.

Рэпер енді заң бұзған дәрігерлер мен педофильдерге қарсы әрекет жасайтынын айтты.

Айта кетейік, Жан Ахмадиев көшеде тұрған жезөкшелерді қамшымен ұрып, ол әрекетін видеоға түсірген еді.

Алматы полициясы бұл видеоға қатысты пікір білдірді.

"Полицияға аталған тұлғаға қандай да бір шара қолдану өтінішімен ешкім арыз түсірмеді", – деді ІІД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1723576-zezkselerdi-sabagan-zan-ahmadiev-zin-skken-baanga-zauap-berdi/