Жүріп-тұруы қиындаған Алла Пугачева жағдайы мүшкіл екенін айтты
Опубликовано:
Ресейдің примадоннасы, атақты әнші Алла Пугачева осыдан бірнеше күн бұрын НТВ телеарнасындағы «Ты не поверишь» бағдарламасында өзінің қартайғанын және ауырып жүргенін мойындады деп хабарлайды Sn.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұл туралы даңқты әнші өзінің Instagram-парақшасында да жазған көрінеді.
«Адамдар, мен күн сайын қартайып барамын. Ағзамның жұмысы әлсірей бастады. Жүріп-тұруым қиындай бастады. Бірақ мен әлі тірімін. Кішкентай сәбилерім үшін өмір сүруім керек», - дейді атақты әнші.
Тележоба журналистері болса әншіден «осынау жазбаны өз қолыңызбен жаздыңыз ба» деп сұрағанда Пугачева: «Әрине, қартайғаным рас» деп жауап берді.
Осы жылдың сәуір айында Ресей примадоннасы 69 жасқа толды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1723640-zrip-truy-kiyndagan-alla-pugaceva-zagdajy-mskil-ekenin-ajtty/