Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал әзілкеш Нұрболат Абдуллинді шапалақпен тартып жіберді (видео)

Опубликовано:

Отандық әнші Нұрболат Абдуллинді сахна төрінде жайдарманшы Айжан Байкен шапалақпен тартып жіберді. Әзілкеш ару Ұлттық арнадағы "Әзіл Man" әзіл-сықақ бағдарламасына қатысқан әншінің бетін қайтарып тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Нұрболат Абдуллинді бейтаныс ару сахнада шапалақпен тартып жіберді (видео). Фото:Yvision.kz
Нұрболат Абдуллинді бейтаныс ару сахнада шапалақпен тартып жіберді (видео). Фото:Yvision.kz: UGC

"Сен қорқақсың" деп аталатын әннің сөзін нақышына келтіріп оқып берген әнші сахнада таяқ жеп тынды.

Бұл видеоны көрген желі қолдануышлары түрлі пікір білдіруде.

«Бірі жігіттің бетінен ұрғаны жөн болмады» десе, енді бір оқырмандар Нұрболаттың жұлдыз ауруына шалдыға бастағанын айтып, «дұрыс болды» десті.

«Бұрын осы жап-жақсы жігіт еді. Қазір көкірегіне нан пісе бастаған», «Қалаулымға келіп ән салған. Көкірек қой», «Жұлдыз ауруынан жазылу керек», - деп жарыса жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1723760-tanymal-zilkes-nrbolat-abdullindi-sapalakpen-tartyp-ziberdi-video/

pixel