Алмат Сақатов: Жастар Сәкен Сейфуллин мен Жолбарысты шатастырады (видео)
Опубликовано:
Елімізге белгілі актер Алмат Сақатов қазіргі жастардың Сейфуллиннің атын білмейтініне налыды деп хабарлайды NUR.KZ.

Әлеуметтік желіге видео жолдау жүктеген актер, өзінің ренішін жасыра алмады.
«Кеше шамалы жүргізуші болған едім. Сейфуллин көшесімен төмен қарай жүрдім. Екі қазақ қызы тоқтатты. Әңгіме барысында, Сейфуллиннің аты кім деп сұрасам «Жолбарыс» дейді маған. Әй, Құдай-ай», - деді Сақатов.
Ал желі қолданушылары «Сұрайтын адамды тапқан екенсіз», «Сейфуллиннен басқа көшеде такси болуға болмайды ма?», «Абай көшесіндегілерден сұрасаңыз «Бегей» деп жауап беретін шығар» деп өз пікірлерін білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1723799-almat-sakatov-zastar-sken-sejfullin-men-zolbarysty-satastyrady-video/