Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еркек емес есек: Баянның қызы атышулы Жан Ахмадиевті "байғұс" деп атады

Опубликовано:

Танымал продюсердің желіде жұлдызға айналған қызы Айсәуле Бақытбек жезөкшелерді қамшымен сабап, оны видеоға түсіріп алған Жана Ахмадиевті сынап тастады. Өз әрекетімен елді шулатудан жалықпайтын рэперді ол "Еркек емес - есек" деп атады. Бұл туралы Айсәуленің Instagram парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Еркек емес есек: Айсәуле Бақытбек Жан Ахмадиевті өзіне сенбейтін байғұс деп атады
Еркек емес есек: Айсәуле Бақытбек Жан Ахмадиевті өзіне сенбейтін байғұс деп атады: UGC

Ол қазақ жігіттерінің мұндай әрекеттері бүгінгі таңда елімізде дертке айналған. Айтуынша, үйдегі әйелдерінің киімін аңдып, оларды ешқайда шығармайтын олар дөрекілікке бір табан жақын келеді.

"Жуырда достарыммен кеңсемізде отырған едік. Бір кезде екі қазақ қызы кіріп келіп, "сауна қайда?" деп сұрады. Біз қатты таңғалдық. Осылайша өмірімде алғаш рет жезөкшелерді көрдім. Оларға елдің не ойлайтыны бәрібір екен. Бірақ менің достарым қатты ыңғайсызданып қалды. Олардың көңіл күйі түсіп, саунаға келген қазақ қыздары үшін ұялып қалғанын көрдім. Мұны неге айтып отырмын? Менің айтпағым - ер адамдардың да түр-түрі болады. Бірақ екіге бөліп қарасақ, бір тобын нағыз ер-азамат, екіншілерін солай көрінгісі келетіндер деп бөлер едім", - деп жазады Айсәуле.

Айтуынша, жуырдағы Жан Ахмадиевтің әрекеті оны ашуландырған.

"Ол видеоны көріп, бұл еліміздегі ерлер арасындағы кең таралған дертке шалдыққан дер едім. Ол елге керемет болып көрінгісі келіп, өзінің әйеліне қысқа кигізбейді. Олардың дұрыс өмір сүруіне мүмкіндік бермейді. Шын мәнінде, ол өз-өзіне сенімсіз бейшара, ал әйелдері көре алмайтын қызғаншақ болып келеді.
Онда еркектерді күнде көремін және іштей жек көремін. Олар да, сәйкесінше мені, жалпы өзін қорғай алатын әйелдердің барлығын жек көреді. Бірақ нағыз ер-азаматты алыстан танисың. Менің достарым қазақ қыздарының әрекеттері үшін ұялды, бірақ өмірден таяқ жеген қыздарды ренжіту туралы ойламады да", - дейді Бақытбектің қызы.

Сонымен бірге, Айсәуле жезөкшелерді сабаған "видео авторын еркек емес - есек" деп атады.

Еске салсақ, бұдан бірнеше бұрын Жан Ахмадиев Алматыдағы Сейфуллин көшесінің бойында тұрған қыздарды қамшымен сабап жазаламақ болған. Оның бұл әрекетіне қоғам белсенділері, журналистер қарсы шығып, түрлі жазбалар қалдырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1723949-erkek-emes-esek-baanny-kyzy-atysuly-zan-ahmadievti-bajgs-dep-atady/

pixel