Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләйлә Сұлтанқызы аз күнде қыпша белге қол жеткізу үшін барын салуда (фото)

Опубликовано:

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзінің қыпша белге қол жеткізуге тырысып жүргенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы қыпша белге қол жеткізуге асығуда (фото)
Ләйлә Сұлтанқызы қыпша белге қол жеткізуге асығуда (фото): UGC

Ол кезекті жаңа бағдарламасының шығарылымына дайындалуда. Эфир алдында сұлу болуды көздейтін ол соңғы уақытта бар күші мен уақытын спортқа жұмсап жүргенін айтып берді.

Тележүргізуші аз күнде қыпша белді келіншек болуды алдына мақсат етіпті.

«Белі қылдай келіншектер қатарына жатпаймын. Құмсағат болу үшін әлі біраз тер төгу керек. Оның үстіне бел ауру мен бүйрек әлсіздігі бар», - деп жазды Ләйлә өзінің Instagram парақшасында.

Тележдүргізуші арықтау үшін алдымен өзінің ағзасын тазалатып, артынша диетаға отырғаны жайлы жазды.

Сондай-ақ, аптасына үш-төрт күн жаттығумен айналысатынын да жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1723997-ljl-sltankyzy-az-knde-kypsa-belge-kol-zetkizu-sin-baryn-saluda-foto/