Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұржан Керменбаев әйелі босанғанда серіктес болатын азаматтар туралы өз ойын ашық айтты

Опубликовано:

Бүгінде екі ұл тәрбиелеп отырған Нұржан Керменбаев әйелімен перзентханаға қосыла кіретін азаматтарды түсінбейтінін айтты деп хабарлайды comode.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Нұржан Кермебаев: Әйеліме босанғанда серіктес бола алмаймын
Нұржан Кермебаев: Әйеліме босанғанда серіктес бола алмаймын: UGC

Әнші ұлының есімін Омар деп қойған.

"Баланың есіміне үлкен мән беру керек. Және сол есімге лайықты етіп тәрбиелеу керек. Бұл ата-ананың басты парызы деп білемін. Қай перзентханада босанғаны және қасына серіктес болып кім кіргені де есімде жоқ. Өз басым әйелі босанған кезде серіктес болатын азаматтарды түсінбеймін. Әрине, әркімнің талғамы мен түсінігі әртүрлі ғой. Мен мұндай үлкен қадамға баруға дайын емеспін. Себебі, толғақ пен адамнан адамның шығуы оңай еместігін естуім бар. Сол қиын процессті көрсем әйелімді үнемі аяп, сезімім де өзгеріп кететін сияқты", - деп ағынан жарылды әнші.

Ол бірінші ұлы дүниеге келгенде басқа қалада жүрген. Екінші ұлы өмір есігін ашқан сәтте де Лондонда іс-сапарда жүрген. Керменбаевтың туған күні 17 ақпан болса, ұлы Омар 18-ші ақпан күні дүние есігін ашқан екен.

Сондай-ақ әнші балаларының салмағы, бойына аса мән бермейтінін айтты.

"Мені бойы мен салмағынан гөрі олардың болашағы қатты уайымдатады. Әрине, мүмкіндігінше балаларымның тәрбиесіне араласып, анасына бағыт-бағдар беруге тырысамын. Себебі, саналы, иманды ұрпақ тәрбиелеу әр ата-ананың парызы ғой. Қазір барынша білгенімізді үйретуге,түсіндіруге тырысып жүрміз. Ал, оның жемісі қандай болатыны – уақыттың еншісінде", - деді Кермебаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1724024-nrzan-kermenbaev-jeli-bosanganda-seriktes-bolatyn-azamattar-turaly-z-ojyn-asyk-ajtty/