Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана мюзикл" театры екі жыл ішінде қандай жетістікке жетті? (видео)

Опубликовано:

"Астана мюзикл» театры – аяғын апыл-тапыл басқан екі жасар сәби секілді. Мюзикл – қазақ үшін таныс та бейтаныс жанр. Мюзиклге тәуекел ету де оңай емес. Соған қарамастан, театр бой көтерді, сапқа қосылды, тәй-тәйлап қадам басып келеді.

Алғашқы басқан қадамы жаман емес. Қазақстанда, оның ішінде елордада мюзикл театрының құрылуы кездейсоқ емес. Осыдан екі жыл бұрын EXPO – 2017 көрмесі аясында Қазақстанның мәдени имиджін көтеру мәселесі туған еді.

Сол жолы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Астана мюзикл» театрын құру туралы мәселе қаралып жатқанын айтқан. Көп ұзамай, театр өз шымылдығын ашып, көрермен назарына «Достар серті» мюзиклін ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1724292-astana-muzikl-teatry-eki-zyl-isinde-kandaj-zetistikke-zetti-video/

pixel