Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық әнші атағын шығару үшін құдағиларға арнап ән салуда

Опубликовано:

Отандық әнші Кентал танымалдыққа қол жеткізудің оңай жолын тапты. Ол тойларда тегін ән салып, бейнебаянын түсіріп алған деп хабарлайды «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Отандық әнші атағын шығару үшін тойда тегін ән салуға көшті. Фото: NUR.KZ.
Отандық әнші атағын шығару үшін тойда тегін ән салуға көшті. Фото: NUR.KZ.: UGC

Кенталды тыңдармандары лирикалық әндерімен таниды. Алайда, әнші бұдан былай тойларда ән салуға шықпақшы. Оның жаңа бейнебаяны «Құдағи» деп аталады.

Ол осы бейнебаянды түсіру барысында 18 тойда тегін ән салып берген.

«Той науқаны енді басталғандықтан, бейнебаянымның тұсауын осы уақытта кестім. Бізге де той әндері керек екен. Бейнебаянды түсіру үшін екі күн бойы 18 тойда тегін ән салдым. Мақсатым - тойға шығу», - деді әнші.

Айта кетейік, әншінің жасы 30-дан асса да әлі күнге жүрегін жаулайтын аруды кездестірмеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1724344-otandyk-nsi-atagyn-sygaru-sin-kdagilarga-arnap-n-saluda/

pixel