Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кім мықты: Айнұр Тұрсынбаева айтыстан жалпы есебі 34 көлік ұтып алған

Опубликовано:

Айтыс ақындары өздерінің осы уақытқа дейін қанша көлік иемденгендерін көпшілікпен бөлісті. Айнұр Тұрсынбаева айтыстан 34 көлік жеңіп алса, Балғынбек Имашев 15 темір тұлпармен қатар екі пәтерге ие болған деп хабарлайды "ƏзілMaN" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Балғынбек Имашев айтыстан қанша көлік ұтып алған? Фото: NUR.KZ
Балғынбек Имашев айтыстан қанша көлік ұтып алған? Фото: NUR.KZ: UGC

Айтыскерлер өздеріне осы сұрақ жиі қойылатындықтан, көліктерін санауға көшкен.

"Осы кезге дейін екі рет пəтер жəне он бестен астам көлік, бір рет "Алтын домбыраны" жеңіп алдым", - деді Имашев.

Ал Жандарбек Бұлғақов 22 көлік мініп, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева 34 темір тұлпарды иемденіп үлгерген.

Сондай-ақ Балғынбек Имашев өзінің айтысқа ең алғаш келген кезі жайлы сыр бөлісті.

«Ең алғаш «Хайлайлыммен» шықтым. Ол кезде басым қылқиып, кекілді болатынмын. Ал қазір керісінше сақал пайда болды. Бұрын тек үлкен кісілер айтыс тамашалайтын. Қазіргі уақытта жастар да айтысқа қызығушылық танытады. Сондықтан барынша айтысты да заманауиландыруға тырысамын. Ең елдің есінде қалғаны Ринат екеуіміздің орысша айтысымыз деп ойлаймын», - деді Имашев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1724557-kim-mykty-ajnr-trsynbaeva-ajtystan-zalpy-esebi-34-klik-typ-algan/

pixel