Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ашық-шашық бейнебаян түсірген Луина ағасының сөзінен сескенетінін айтты (фото)

Опубликовано:

Үнемі батыл образдарымен көзге түсетін Луина өзінің ағасынан сескенетін болып шықты. Бұл туралы «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Луина. Фото: Instagram
Луина. Фото: Instagram: UGC

Халыққа мінсіз мүсіні мен келбетін көрсетуден тайсалмайтын әнші бұл ісі үшін бір ғана адамнан сөз естуге сескенеді.

Жаңа бейнебаянын ашық образда түсіріп жатқан Луина бұл әрекетіне өз ағасы ренжиді деп қорқады екен.

«Мен ағам хабарласады ма деп сескенемін. Мынауың не? Қандай бейнебаян түсіргенсің? Қазаққа сай қылық жасасаңшы. Шамалы ұяң бол дейді. Мен табиғатымнан ұяңмын. Бұл менің сахнадағы стилім», - деді Луина.

Айта кетейік, әншінің жаңа бейнебаянында өнердегі құрбыларының барлығы батыл образда көзге түспек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1724604-asyk-sasyk-bejnebaan-tsirgen-luina-agasyny-szinen-seskenetinin-ajtty-foto/

pixel